Баку соты "Sputnik Әзербайжан" агенттігінің басшысы мен редакторын төрт айға қамады

Сейсенбі, 1 шілде күні Баку соты "Sputnik Әзербайжан" агенттігінің басшысы Игорь Картавых пен шеф-редакторы Евгений Белоусовты төрт ай мерзімге қамауға алу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлады Әзербайжанның APA ақпарат агенттігі.

Содан бір күн бұрын Әзербайжан полициясы қызметкерлері "Sputnik Әзербайжан" редакциясына тінту жүргізіп, жеті адамды ұстаған. APA мәліметінше, алаяқтық, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ресейлік "Россия сегодня" медиатобының бас редакторы Маргарита Симоньян бұл айыптауларды "мүлдем ойдан шығарылған" деп атады. "Sputnik Әзербайжан" осы медиатоптың құрамына кіреді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Бакуде полиция "Sputnik Әзербайжан" кеңсесінде тінту жүргізді

Ақпан айында Әзербайжан сыртқы істер министрлігінің өкілі Айхан Гаджизаде "Sputnik Әзербайжан" агенттігі жабылғанын мәлімдеп, бұл медиа ұйымның тек бір тілшіге аккредитация алуға мүмкіндігі барын айтқан. Әзербайжан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, агенттіктің аккредитациясы тоқтатылғанына қарамастан, редакция "заңсыз қаржыландырылып", жұмысын жалғастыра берген.

• Әзербайжан мен Ресей арасындағы қатынастар 27 маусымда Екатеринбург қаласында тегі әзербайжан 50-ден астам адам ұсталып, екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауыр жарақат алған оқиғадан кейін ушығып кетті. Баку Ресейден оқиғаға кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

• Ресейдің сыртқы істер министрлігі Екатеринбургте ауыр қылмыстарды тергеу аясында күдіктілер ұсталған, құқық қорғау органдары жағдайды бақылап отыр деп мәлімдеді. Министрліктің ресми өкілі Мария Захарова бұл істер 2001, 2010 және 2011 жылдары жасалған кісі өлтіру қылмыстарымен байланысты деп нақтылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Екі әзербайжандықтың қазасына қатысты Ресейде және Бакуде жасалған сараптамалар сәйкеспейдіБакуде ресейлік RT телеарнасы бөлімшесінің журналисі ұсталғанӘзербайжан Ресеймен байланысты барлық іс-шараны тоқтаттыБаку Екатеринбургтегі әзербайжандарға жасалған рейдтерге байланысты наразылық білдірді