Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық форумы сегіз күннен соң СҚО-да басталмақ. Петропавлда саммит өтетін негізгі нысан әлі ашылмаған. Есесіне, Ұлыбританиядан сатып әкелінген робот "президенттерді күтіп алуға дайын".
Солтүстік Қазақстан облысында шөп бағасы қымбаттады. Былтыр бір трактор шөптің бағасы 25 мың болса, биыл оның бағасы 35-40 мыңға дейін жеткен.
Солтүстік Қазақстан облысының билігі 38 ауылды жабуды жоспарлайды. Бұл жайында сол ауыл тұрғындарына ауылдық аймақтарды дамыту бөлімінің мамандары хабарлаған. Тұрғындар бұл шешіммен келіспейді.
Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан бірнеше азамат аштық жариялады. Олар сотталғандар жәбір көрсе де, тергеу жүргізілмейтініне наразы.
Қазақстан президенті ұсынған "7-20-25" қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын пайдалануға Петропавл тұрғындары асығар емес.
Петропавлда дизель қымбаттады. Бір литрі 180-нен 210 теңгеге дейін өсті. Ауылдағы шаруалар да, қоғамдық көлік жүргізушілері де бұл қымбатшылыққа наразы.
Петропавлда қазақ мектептерінде оқу орындары жетпейді. Оқушылар үш ауысымда білім алуға мәжбүр. Жергілікті билік өкілдері балаларға орын жетпей жатқанын растап отыр.
Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің мәліметтері бойынша Солтүстік Қазақстан облысында қариялардың саны 103 мыңнан асады. Бүгінгі күні зейнетке шықса да қаражаттың тапшылығынан көбі қала көшелерінде не базарларда жұмыс істеуге мәжбүр.
Петропавлда жүздеген азамат жаңа салынып берілген үйлердің сапасына шағымданып отыр. Несиеге алынған үйлердің сылақтары түсіп жатыр, жел үрлеп тұр дейді тұрғындар.
Петропавл қаласында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілде жазылған жарнамалар мен маңдайшаларда қателіктер толып тұр. 22 қыркүйек тілдер күніне орай Азаттық тілшісі бұл нысандарды аралап шықты.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Бұлақ ауылында ірі қара ауруға шалдығып жатыр. Дерт жүзден астам ірі қараға тиіп үлгерген. Аурудың алдын-алу үшін ауылда екпе егілмеген.
Мамлют ауданында дәрігер тапшы. Бірақ жергілікті билік төрт дәрігердің отбасын сегіз жыл бұрын өздері тегін берген баспаналарынан шығарып жібермек.
Солтүстік Қазақстан облысында тоғыз мыңға жуық бала мектеп жабдығына мұқтаж. Сол себепті кейбір отбасылардың балалары қара жұмыс істейді.
Түрмеден босаған азаматтық белсенді, құқық қорғаушы Вадим Курамшин жексенбі кешкісін Петропавлға жетіп, отбасымен қауышты.
Петропавл қаласында қалалық базар мен автовокзал маңындағы 60-тан астам сауда дүңгіршегін алып тастау шешімі шыққан. Әкімдік шешіміне сатушылар наразы.
Есіл өзенінің жағасында жарқабақтағы жиырма шақты үй құлағалы тұр. Тұрғындар әкімдік көмектеспеді десе, тиісті органдар шара қолданып жатқандарын айтады.
Петропавлда жемістер бағасы 16,6 пайызға қант бағасы 4,3 пайызға өскен.
Петропавл темір жол вокзалы Мәскеу уақытымен жұмыс істеп келген.
Петропавлдан 40 километр жерде бір кезде жүзден аса отбасы тұрған Янцено ауылында қазір жалғыз адам қалды.
Тағы